Индер ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Индер ауданындағы коронавирус бойынша 1 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Коронавирус індетін жұқтырған адам тіркелген жоқ.

Коронавирустың алдын алу жолдары:

· Үйден себепсіз шықпаңыз, тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек керек жағдайынан басқа, адамдармен тек байланыс құралдары арқылы қарым-қатынаста болыңыз;

· Бетперде киіп жүріңіз!

· Қолды сабынмен жиі жуыңыз, құрамында спирт бар антисептик пайдаланыңыз!

· Жөтелген және түшкірген кезде ауыз бен мұрынды салфеткамен- майлықпен жабыңыз!

· 3 адамнан артық жиналмаңыз! (бір отбасы мүшесі болмаса)

· Үй-жайды жиі желдетіңіз!

· Дене қызуы көтерілсе, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақ ауруы, бастын ауруы пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыртыңыз.

Сондай-ақ, Индер аудандық аурухана, Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274 бабында көзделген жауапкершілік қарастырылғаны және де төтенше жағдай режимін бұзғандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабында көзделген жауапкершілік қарастырылғандығын қаперіңізге береді.

Индер аудандық аурухана әкімшілігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521