Индер ауданында бруцеллезбен ауырғандар деңгейі облыстан жоғары

Жедел бруцеллезбен облыста барлығы – 12 адамнан «мелитензис» типті бруцеллез қоздырғышы анықталған. Бұл ауданда қой-ешкілер арасында қолайсыз эпизоотологиялық жағдайдың орын алып отырғанын көрсетеді.

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 37,4, облыстық деңгейден (3,8%) 89,8%-ға жоғары. Оның ішінде Елтай – 4, Жарсуат – 2, Өрлік – 2, Есбол ауылдық округінде – 2, Индербор кентінде – 2 адам жедел бруцеллезбен диспансерлік есепке алынған (2018 ж. – 34 науқас, көрсеткіш – 106,7). Онымен қоса ауданда 2019 жылы туберкулезбен жаңадан 22 науқас тіркелген.

Туберкулездің таралу көрсеткіші 115,8-ден 121,5-ке дейін 4,7%-ға өскен, аудандық көрсеткіші облыстан 1,2 есе жоғары. Туберкулезбен жалпы 39 науқас тіркелген. Оның 43,6% қайта ауырған науқастар құрайды (2018 жылы осы кезеңде - 37 науқас тіркелген, оның 35,1% қайта ауырғандар).

-Жасөспірімдер арасында туберкулезбен жаңадан үш науқастың анықталуы себебі, 2 мектеп оқушысы флюротексеріске уақытында түспеген, яғни 15 жасқа жетіп тұрса да баланы туберкулезге тек 9 айдан кейін, кеш тексерген.

Мектептерде санитариялық эпидемиологиялық талаптар, соның ішінде балаларды денсаулығын сақтау және нығайту басты шарт,-дейді санитарлық дәрігерлер.

С.ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521