Атырауда тағы екі адамнан инфекция анықталды

Атырауда тағы екі адамның инфекция жұқтырғаны расталды.

Жергілікті уақытпен бүгін таңғы 8. 25 сағаттағы ресми ақпарат бойынша, қауіпті дертке шалдыққан науқастар толықтай оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған.

“Қазіргі уақытта олармен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде” делінген Атырау облысы өңірлік комуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, бүгін таңдағы ақпарат бойынша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар саны 402 адамға жетті.

Науқастар елорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында анықталып отыр.

Өкінішке орай, ауыр дерттен үш адам көз жұмды.

Үйде бол! Отбасыңды қорға! Еліңді сақта!

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521