Жолдауда жағымды жаңалықтар көп

Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалықтарға толы екен.

Әрине, бұл Елбасы саясатының сабақтастығын сақтау арқылы елімізді дамуының жаңа сапалы кезеңіне шығаруы деп білемін. Бұған дейін де мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант, немесе жеңілдікпен несие беріп, кепіл болуына да жақсы жағдай жасалып келді, оған ризамыз. Кәсіпкерлікті жаңа бастаған тоқсаныншы жылдардағы қиын кездерде біз осындай қолдаудың бірін де көрген жоқпыз, шынын айтқанда кепіл деген басымыз болды. Қазіргі кәсіпкерлікті ол кезеңмен салыстыруға мүлдем келмейді.

Бүгінде кәсіпкерлер де көбейіп, бәсеке де күшейді. Жасыратыны жоқ, әсіресе, жас кәсіпкер несиесін жеңілдікпен алғанымен келесі айдан бастап оны қайта төлей бастауына тура келетін. Кәсіпкерлікті бастағандағы қиындықтары есепке алына бермейді. Мысалы, кәсіпкер жерін алу үшін екі жылдап, коммуналдық жүйелерін жүргізу үшін де біраз шығынданып жүруіне тура келеді.

Ақыры бірқатары ісін бастамай жатып жабылып тынатын жағдайлар кездесті. Сондықтан да бизнес өкілдеріне жеңілдіктердің берілуі жас кәсіпкерлердің аяқтарынан тұрып кетуіне, болашаққа жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп отыр деп ойлаймын. Бұл бағытта Жолдауда микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы үлкен қолдау деп білемін. Әрі Жолдауда 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.

Сонымен қатар кәсіпкерлік бағытында аудандық деңгейде де үйлестіретін жұмыстар бар деп есептеймін. Мысалы, бизнесіңде үлкен кәсіпорын, не ішінде азғантай тауарың бар шағын ғана дүкенің болсын коммуналдық төлемдерін бірдей жоғары бағамен төлеуге тура келеді. Азын-шоғын түскен табыс осы коммуналдық төлемдерден ауыса бермейді. Осындай айырмашылықтарды жергілікті жерде зерделеп, бағаны ретіне қарай белгілеуге мүмкіндік бар деп ойлаймын. Игілік ҚАНАТОВ, жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521