Жаңа жиырма тонна кітап жарамсыз

Тау-тау болып үйілген кітапті көргенде, мұнысы несі деген ойда қалғанымыз рас. Бірнеше жерде үйілген кітаптардың бір бөлегін бірнеше жігіт қапқа салып, жүк көліктеріне тиеп жатыр. Әзірге жиырма тоннаға жуық кітаптың таусылатын түрі жоқ.

Жеке кәсіпкер Марат Бәйдешов бұл кітаптардың екі жылдан бері жатқанын, енді макулатураға жөнелтуде екенін айтты. Жайрап жатқан кітаптардың бәрі 2013-2016 жыл аралығында «Мектеп», «Атамұра», «Жазушы» баспаларынан шыққан 1-10 сыныптардың «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «Русская литература», «Изобразительное искусство», «Биология», «Физика», «Музыка», «Математика» сынды пәндердің су жаңа оқулықтары. Мұқабаларының алғашқы бетінде аудан мектептерінің мөрі басылғанынан басқа баспадан жаңа шыққандай міні құрымағаны көрініп тұр. Рас бірқатары оқушылардың бірер жыл пайдаланғандары да кездеседі екен.

Өкінішке орай жаңа оқулықтың бәрі де «ескі». Өйткені 2016 жылы білім саласындағы жаңартылған білім жүйесінен кейін аталған оқулықтар жарамсыз болып қалған. Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашевадан білгеніміздей, жаңа бағдарламаға сай аудан мектептеріндегі оқулықтар 2016 жылдан бері сатылап жаңартылып келеді. Бүгінде 11 сыныпқа дейінгі сыныптардың оқулықтары бәрі жаңасына көшсе, биылғы оқу жылында 11 сынып оқулықтары жаңартылады. -Ескі бағдарлама бойынша пайдаланылған оқулықтардың бәрі әрбір мектеп бойынша есептен шығарылып, тапсырылуда, -деді салалық бөлімнің әдіскері Гүлнәр Даутова. Мысалы, 2019 жылы аудандағы 4-9-10 сыныптардың кітабы жаңартылған.

Оған былтыр облыстық трансферт пен жергілікті бюджеттен 122 млн 817 теңге бөлініпті. 2018 жылы 3-6-8 сыныптардың жаңа оқулықтарына 115 млн 245 теңге қаралған... Жаңа бағдарламаға уақытында көшкен немесе қажетті қаржы бөлген ауданның білім жүйесіне, жергілікті әкімшілікке кінә артудан аулақпыз. Бірақ осыған дейін еліміздің білім саласында көпті шулатқан қаншама реформа жүрді.

Тиісінше қаншама оқулық су жаңа күйінде жарамсыз болып қалып жатыр. Айналып келгенде оған бөлінген миллиардттаған теңге де ауаға ұшқандай.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521