ban2

Заманауи театрдың "Томириспен" тұсауы кесілді

Жастар сарайы орталығында «3D Lazer» жаңа форматтағы кинотеатр ашылып, аудан халқын қуанышқа бөледі.

Бұл Елбасының Жастар жылына орай тамаша тартуы болып отыр. Әрине мәдениетті одан әрі дамытып, жастар мен болашақ ұрпақтың дүниетанымын кеңейтуде мұның септігі орасан зор екені сөзсіз.

Ал мұны жасаған «Меломан» компаниясы еліміздің ірі қалаларында түрлі форматтағы кинотеатрлар мен кино түрлерін ұсынып, руханиятқа ерекше үлес қосып жүр. Алдымен аудан әкімі М.Қалауи барша индерліктерді қуаныштарымен құттықтап, баршаны кино өнерін тамашалап, фильмінен эстетикалық тәрбие алып, жақсыны көруге асығуға шақырды.

Жалпы кинотеатрда тарихи кинолармен қатар киноматографияның барлық жанрындағы кинолар жинақталған. Соның бірі жақында ғана жарыққа шыққан «Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» бірігіп түсірген «Томирис» көркем фильмі. Онда парсы патшасы ІІ Кирге тойтарыс беріп, жеңіске жеткен ержүрек Томиристің ерлігі баяндалады.

Міне, шара одан әрі осы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» көркем фильмін тамашалауға ұласты.

"Дендер"-Ақпарат

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner