«ВЕСНАНЫҢ» ҚАРБЫЗЫ ЕНДІ ПІСТІ

Аудан орталығы Индербордың іргесіндегі «Алғабас-Жорық» каналының қос бетін жағалай қонған егістік алқаптарда бүгінде жиын-терін жұмыстарының қым-қуыт жүріп жатқан уақыты. Бірақ «Весна» шаруа қожалығы өздерінің қазіргі таңдағы ең өтімді тауар-қарбызды әлі де базарға сатуға шығара алмай отыр.

-Мұның басты себебі ерте көктемде басталатын дайындық жұмыстарындағы кездескен түрлі кедергілер,-дейді ұзынша бойлы жұқалтаң жігіт. Ұзыннан-ұзын көк сабақтарға байланып, шағын алқапта теңкиіп-теңкиіп жатқан көкала қарбыздардың дені бір көргенге бүгінде базарда тұрғандарынан да үлкендеу көрінгенімен оның әлі жеткілікті піспегенін иесі айтып тұрған соң сенбеске амал жоқ. Әйтпесе, кейбір білікті деген тұтынушылардың өздері шертіп-шертіп ауыл түгіл қала базарларынан біраз қаржы шығарып алып жатқан қарбыздарының сұрқы бұл даладағылардан едәуір кем түсетіні анық. Ал жуа, қызанақ, қияр, қауын, тағы басқасы өскен алқаптардың алды базарға түсіп, тұтынушылардың дастарханына жеткеніне де біраз болып қалғанға ұқсайды.

bsdfvdf1

Бұл қожалық 2016 жылы құрылып, 10 гектер алқапты алып, осы көкөніс, бақша өнімдерін өсірумен айналысады екен. Биыл сол 10 гектардың 2 гектарына ғана егіс салып, өнімін жинауда. Ал еңбегінің жемісін көре бастаған «Весна» шаруа қожалығының иелері Александр Анатольевич пен Юлия Васильевна Матвеевалардың шағын бизнесін отбасылық кәсіпкерлік десе де болатындай екен деп ой түйген біз олардың болашақ жоспарларының да орындалуына жазсын дейміз.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521