Төтенше жағдай талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Облыс прокуратурасымен төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мобильді топ құрылды. Оның жұмысы нәтижесінде режимді бұзғаны үшін 38 тұлға жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 5 кәсіпкер - әкімшілік қамауға алынды.

Олар «Ханшайым», «Нәрлі» ресторандарының, «Аманжан» кафесінің, «Финбет» букмекерлік кеңсесінің иелері мен «Ямато» суши-барының әкімшісі. ​Әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (ҚК 274-б.), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (ҚК 147-б.) фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

​30 наурыздан қала аумағында карантин жарияланды. ​Осыған орай, карантинді сақтамау аурудың әрі қарай таралуына ықпал ететінін ескере отырып, тұрғындар назарын режимнің белгіленген талаптарын міндетті түрде ұстануға аударамыз және бұл үшін жауаптылық бар екенін тағы да естеріне саламыз.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521