Студенттермен өткен әсерлі кеш

Индер аудандық мәдениет үйінде тарихы тамырлы, шежіресі бай, зердесі – зерек, еңсесі биік, өткені - өнеге, келешегі нұрлы Дендер өлкесі жастарының «Жастар – жасампаздық бастауы» атты студенттердің қатысуымен керемет кеш өткізілді.

Кеш жүргізушілері ауданымыздың студент жастарын сахнаға шақырып, сұхбат жүргізіп, әзіл аралас сұрақтар қойып, фото-жұмбақ, ән-жұмбақтарын жасырып кешті қыздыра түсті.

stud

Кештің алғашқы қонақтары Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка коледжінің 2-3-курс студенттері Ш.Қайырбаева мен Н.Сағынов бастаса, салауатты өмірдің насихатшысы болғалы отырған Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 1- курс студенті А.Тұрашев және осы колледждің математика пәні мұғалімі мамандығының 3-курс студенті А.Тілегеновамен жалғасын тапты.

zhigit

Сонымен қатар Кіші өнер академиясының түлегі, ауданымызды әлемдік деңгейде танытып жүрген, ерекше дауыс иесі- Ә.Талапқызы мен Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Б.Дүзенғалиев студенттік қызықты шақтарымен бөліссе, Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Д.Нұрсұлтановпен қызықты сұхбат болды.

bi

Осындай әдемі кеште өнер көрсеткен «Әдемі-ай» би тобы билерін ұсынып, кеш қонақтары сазды сәлемдерін орындап көрерменге ерекше демалыс сыйлады.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521