ban2

Сақтықтық шараларын ұмытпайық

Жаңа жыл мерекесін үлкендер мен балалар асыға да қуана күтеді.

 

Әсем безендірілген жаңа жыл шыршасының айналасы кейде әп-сәтте бұзылатыны белгілі. Тілсіз жау - өрт сіздердің жаңа жылдық мерекелік көңілдеріңізді бұзбасын десеңіз, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар. Атап айтқанда;

- жаңа жылдық шаралар кезінде өрт қауіпсіздігіне өз бұйрығыңызбен жауапты тұлға тағайындау;

- шыршаны безендіру кезінде заводта дайындалған электр құралдарын ғана пайдалануға;

- электр желісін шектен тыс пайдаланбауды қадағалау;

- жана жылдық шырша бұталары қабырға, жоғарғы жағы төбеге тимейтіндей, ғимаратқа кіріп-шығуға қиындық туғызбайтындай болып орнатылуы;

- ғимараттарда және жаңа жылдық шара өтетін орындарда қосымша шығатын есіктердің үнемі ашық болуын қадағалау;

- мерекелік шаралар өтетін орындарда өрт сөндіру мақсатында қосымша алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау, пайдаланатын су қорында үнемі су болуын қадағалау;

- ғимарат ішінде немесе жаңа жылдық шаралар өтетін жерлерде пиротехникалық жарылғыш заттарды, отшашуларды қолдануға;

- шыршаны безендіргенде тез тұтанатын материалдардан жасалған ойыншықтар мен қағаз, мақта тәріздес тез жанғыш заттарды пайдаланбауға;

Өрт оқиғасын байқаған жағдайда тез арада «101» телефонына хабарлауыңыз қажет.

П.Сақыпкереев,

Индер ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты .

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner