Құқық қорғау органдарымен кездесу өтті

Полиция қызметінің ашықтығы мен құқық қорғау органдарына сенім артудың бірден бір жолы –халыққа есеп беру. Осы орайда Индербор кенті әкімі А.Аймұратов жүргізіп отырған кездесуде аудандық полиция бөлімінің ЖПБ бастығының міндетін атқарушы Б.Қайыржанов баяндама жасады.

Ауданда былтыр жыл бойына 64 құқық бұзушылық тіркелген. 2018 жылы бұл көрсеткіш-72, яғни 11,1% төмендеген. Жыл ішінде 2920 әкімшілік іс тіркелсе, соның 1686-і жол патрулдік полициясымен әкімшілік хаттама жасалған. Жол тәртібін бұзған 44 адам жүргізуші куәлігінен айрылса, оның 37-і көлік құралын алкоголдік ішімдік ішкен күйінде жүргізген.

polits-esebi

Сонымен қатар биылдан бастап қолданысқа енген мас күйінде көлік жүргізгендерге заң күшеюі, отбасылық жанжал, ұсақ бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау сынды заңдарға орын алған өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Тұрғындар арасынан О.Табылдиева учаскелік полиция қызметкерлерінің көшелерді жие аралап жүргеніне көңілі толатынын, бұл түрлі қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмауды маңызы зор екен айтып өтті.

Жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Жанұзақов қатысты.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521