ban2

Құла түздегі қарбалас

Қыс қаһарына мінген шағында қаладағы тірліктің өзі оңай болмаса, шалғайдағы малшылардың нағыз сынға түсетін шағы. Осыған орай аудан әкімі Мейірім Қалауидің тапсырмасына орай оның орынбасары Салауат Өтеғұлов бастаған бірнеше сала мамандары бар топ жолға шығып, ауданға қарасты Көктоғай мен Өрлік ауылдық округінің қиырына көз тастап қайттық.

 Сонымен, Көктоғай ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Құсайынов пен бірге ауыл шаруашылығына жауапты округ маманы Қайрат Табылдиев және көлік жүргізушісі бар көлік бізді ауыл тұсынан күтіп алып, аман-саулық сұрасқаннан соң, «Сәтті, сапар болсын!» деп жолға шықтық. Алдымен «Атырау-Орал» тас жолының бойында орналасқан «Ақтөбе» учаскесіне бардық. Негізінен бұл жерде ауылға белгілі малбегілер Молдаш Исимов пен Зейнеп Тұрышева өмір бойына мал бақса, олардың ісін ұрпақтары жалғастырып қалыпты.

kyrrr

Ағайынды Молдашевтардың малдары мен өзінікі мен қоса бағып отырған көп балалы ана Мария Уахитова қолындағы ұлы Талғатпен қыруар шаруаны атқарып отыр. Топты бастап барған аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов қыстақтарды аралаудағы мақсаты – қылышын сүйреп келе жатқан қысқа дайындықтарын зерделеп, тұрғындардың аман-саулығын көзбен көріп, мұң-мұқтаждарын тыңдап, талап-тілектерін назарға алу екендігін түсіндірді. Өздерінің қолындағы азын-аулақ төрт түліктен күндерін көріп отырған шаруагерлерді округ әкімі тәжірибелі малшылар екендігін айтты. Бір қызығы, ауылға жақын орналасқан бұл мекенге әлі күнге дейін көгілдір отын келмепті. Оның себебін тиісті сала мамандары айтып берді.

Қалай дегенменде, өз ісінің шеберлері малдарына қысқа керек жемдері мен бума-бума шөптерін әкеліп алған. Жалпы, шаруашылық қысқа сақадай-сай. Одан әрі оңтүстіктен басталған бағытымыз солтүстікке қарай бағытталып, оймен шолу жасап келе жатқанымызда «Фарит» қыстағына қалай келіп қалғанымызды байқамай қалыппыз. Бұл қыстақта ағайынды Аманжан, Ділімжан, Қайыржан Сабыровтар біраз уақыттан бері қыстайды. Осындай атаумен қожалық құрған ағайынды азаматтар әкелері, Ұлы Отан соғысының ардагері Фарит Сабыровтан қалған құтты құрықтың қадірін кетірмей, қайта абыройын асқақтатып отыр.

kisiler

-Жолдасым Аманжан мал қарауға кетіп еді. Шәй қояйын, жолдан келдіңіздер ғой, жылынып алыңыздар,-деген Нұрсұлу апай қонақтарға көрпе төсеп, дастархан жайып, сәуірдің сары майы мен табаға пісен ыстық нанын, сапырып шұбатын ұсынды.

Әрине, ұқсата білгенген кісіге шұбат бал қаймақтай ал табаға піскен наның өзі тіптен бөлек.Жалпы шаруашылықтың жағдайлары тым-тәуір жақсы, қысқа деп бума-бума шөптерін өздерінің қажетті деген техникаларымен шауып алған. Қазақта «Абысын тату болса, ас көп» деп бекер айтпаса керек. Себебі бұл әулеттің абысындары үйдің бүкіл шаруасын бірігіп атқарады. Қолдары босай қалса іс тігеді.

kyr

-Біздер ешбір жұмысшы жалдаған емеспіз, бәрін өзіміз жасаймыз. Демалыс кезінде балаларымыз көмектеседі. Шаруашылық жұмысында демалыс болмайды, таңертеңнен қара кешке дейін мігірсіз еңбек етеміз. Ал сүт өнімдерін ауылға, қалаға апарып сатамыз,-деген Нұрсұлу апа малдан пайда көп, тек соны ұқсата білу керек екендігін айтып, ақжол тілеп, шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner