Қазақстандықтардың Құрбан айтқа неге демалмайтыны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 11 тамыз Құрбан айт мерекесінің неліктен басқа күнге ауыстырылмағанын түсіндірді.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заң бойынша, қазақстандықтар мереке күндері демалуы тиіс. Ал мереке демалыс күніне түсіп қалса, ол күн келесі күнге ауыстырылады. "Еңбек кодексінің 84-бабы бойынша ("Демалыс күндері"), Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Алайда Құрбан айт ұлттық және мемлекеттiк мерекелердің тізіміне кірмейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген нормалардың оған қатысы жоқ. Яғни Құрбан демалыс күніне - жексенбіге түссе, мереке келесі күнге ауыстырылмайды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Қанат Құлшманов. Айта кетейік, биыл Құрбан айт 11 тамызға түсіп тұр.

Мат: Ашық дерекөзден.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521