Мереке күні 3 сәби дүниеге келді

Табалдырықтан аттаған жаңа «Доңыз» жылының алғашқы күнінде аудандық орталық аурахананың перзентхана бөлімінде екі нәресте дүниеге келді.

Олардың екеуі де – ұл балалар. Ал 2018 жылдың 31-інші желтоқсан күні сағат 15:20-да бөденелік Қарлығаш Саркуова торсықтай ұл баланы бауырына басты. Айталық жас ана Қарлығаштың бұл 4 қыздан кейінгі бөпесі екен. Сәбидің есімін үйіндегілері – Әбубәкір деп қойыпты. Айталық, бұл бөденелік Өтеген Мұқашев ағай пен Айша апайдың шаңырағындағы қуаныш тойы.

Ал 1 қаңтар күні сағат 11:25-те индерлік Индира Бахитова тұңғыш перзентін дүниеге әкелсе, сағат 13:25-тің шамасында Әсем Қайрлиеваның екінші сәбиі өмір есігін ашты.

-  Жалпы кішкентай шақалақтардың да олардың аналарының денсаулықтары бірқалыпты. Аналардың бәрі сәтті босанды. Ендігі бүгін-ертең перзентханадан шығарылады,- дейді акшуер-гинеколог Т.Қанатова. Жалпы өткен жылы ауданда 291 сәби дүниеге келіпті.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521