ban2

Медиаторға сенім қашан ұлғаяды

Аудандық сотта «Дауды шешудің балама жолы-Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы, судья, кәсіби емес медиаторлар, Атырау облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандағы сарапшысы қатысқан шара барысында судья А.И.Куспанов  қазіргі таңда дауды реттеудегі азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғау механизмінің басым бағыты медиация болып табылатынын атап өтті.  

Сонымен қатар, ол халыққа медиация заңының қолжетімділігін түсіндіріп, осы тақырыпта БАҚ-да мақалаларды жиі  жариялау және дөңгелек үстел, семинарды өткізу керектігі туралы ұсынысын да жеткізді.

Шарада кәсіби емес медиаторлардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері, оны шешу жолдары, елді мекендерде орын алатын дау-жанжалдар кезінде ауыл тұрғындарының кәсіби емес медиаторлардың көмегіне жүгіну жайы сараланды.

Өзара пікір алысқан қатысушылар алда бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

Аудандық соттың баспасөз қызметі.

 

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner