ban2

Латын байқауында бағы жанған бүлдіршіндер

 «Латын әліпбиі балабақшада» атты облыстық байқауына «Айналайын» балабақшасының бес жасар ересек «Нұрбала» топ бүлдіршіндері қатысып, І орын мен 100 мың теңгенің сертификатын иемденді.

Оған қоса, таудай талабы мен таланты ұштасқан бүлдіршіндер ішінен тәп-тәтті қылығымен бес жасар Е.Мейірлан «Жайдарлы бөбек» атағын еншіледі. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде бүлдіршіндер өздерін таныстырса, екінші кезеңде балабақша тәрбиешілері «Латын әліпбиі қалашығында» атты тақырыппен шеберлік сағат өткізді.

latyn

-Ұжымымызбен өте қуаныштымыз, байқау жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндеріміз жақсы дайындықпен барып, өздерінің ынта-жігерлерімен І орынды қолдан бермеді. Бұл байқаудың мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйрету болып табылады. Қолдау білдірген кент әкімшілігіне, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тілепқалиеваға алғыс білдіреміз,-дейді «Айналайын» балабақшасының басшысы Светлана Жанғали.

Г.ИГІЛІКОВА,

Индер ауданы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner