ban2

Кераланың төл перзенті еді

Ақпанның ақ боранды күнінде сонау соғыстың отты жылдарында буыны әлі қатпаған 14 жасында-ақ майданға алынған жылқышы әкенің құтты таяғын ұстап қалған тыл және еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған Ғалым Есмұратов дүниеден өтті деген суық хабарды естігенде оның қарапайым күн қақты жүзі көз алдымызға келгендей болды.

Ағамыз 1928 жылы 5 маусымда осы ауданның Горы селолық Советі аумағында колхозшы отбасында дүниеге келсе де барлық ғұмыры ежелден жылқышылар мекені болған Кералада өтті. Ол «Степан Разин» атындағы колхоздың жылқышысы Есмұрат Қсусанов 1942 жылы Екінші Дүниежүзілік соғысына аттанғанда оның 133 бас жылқысын қабылдап алып, бір тұяқ шығын етпей талай қыстан аман алып шыққан.

Содан зейнеткерлікке шыққанша ірілендірілген Амангелді атындағы совхоздың жылқы фермасында, одан соң да жеке шаруасымен осы Кераланы табан аудармастан ұзақ жылдар бойы жайлады. Отбасында жұбайы өмірден ерте өтсе де ұрпақ сүйіп, немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған тұста дүниеден өткен ағамыздың жаны жаннатта, топырағы торқа, еңбегі ел жадында сақтала береді деген сенімдемін.

Қош, ардақты Аға!

Өтеп НҰРИЕВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner