ban2

Көптің қолдауын күтеді

Қайырымдылық – адам баласының асыл қасиеті.

Міне, таяуда аудандық жаңа мәдениет үйінде өткен «Ара-Атырау» әзіл-ысқақ театрының қайырымдылық концерті осы негізді айшықтайды. Тағылымдық мән зор кеш елтайлық кішкентай бүлдіршін, аутизм сырқатына шалдыққан Амангелді Ерасыл Рафаэлұлына қол ұшын созуына жасалған үлкен мүмкіндік болды.

Ерасыл бар болғаны бес жаста, сырқаты туа біткен емес. Сондықтан да оның айығып шығуынан үміт бар. Үш жылдан бері ата-анасы ұлдарына көмек беру үшін жанұшырып жүр. Әйтседе, мұның бәрі тапқан табыстары өздерінен ауыспайтын отбасыға оңай тиіп жатқан жоқ. Қазір Ерасылға шетелдік дәрігерлердің көмегі керек. Ондағы ем-дом шаралары 3 миллион теңге тұрады.

Көрермендер көп келген кеште жүзінен тағдырдың ауыртпалығына мойымаған Ерасылдың бойынан қайсарлық байқалды. Кеште жомарт жандарға арнайы қайрымдылық жәшігі де қойылды. Одан түскен қаржы кішкентай бүлдіршіннің ем-домына жұмсалатын болады.

Ендеше, ақпан айында Ерасылдың ем-домына жұмсалатын қаржы толық жиналса, анасымен бірге балғын бөбек Бішкек қаласына аттанады. Бірақ, әлі де қаражат керек. Қолдау көрсетемін деген жаны жомарт жандар болса, анасы Райхан Қуанышоваға (877530111218) хабарласа алады.

Д.АЙБАР.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner