Индер аудандық соты да онлайн режимге көшті

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін әлемнің көптеген елдерінде карантин жарияланып, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Индер аудандық соты да істерді онлайн режимінде қарауға көшті.

 Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, қойылған карантинге бағынған жөн. Қазақстанда да 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін еліміздің барлық соттары сияқты Индер аудандық соты да істерді Онлайн режимде қарауға көшті. Ал Онлайн қарауға келмейтін істерді кейінге қалдырылады. Іс жүргізу мерзімдері басталмаған сот істерін қарау кешірек мерзімге кейінге қалдыралады.

Істерді қарау жөніндегі отырыстар процесс тараптарының сот отырысына ұялы телефонның онлайн режимде бейнеконференц байланыстың көмегімен (TrueConf мобильді қосымшасы арқылы т.б.) қашықтықтан қатысуымен өтетін болады. TrueConf арнайы қосымшасы арқылы тараптар сот залына қосылады.

Өкінішке орай, адамдар әліде жауапкершілікті түсінбей, көшеде бетпердесіз жүріп, той домалаққа жасап, той домалақтарға барып жүр. Сот заң шеңберінде жазаланғанмен, тұрғындардың да жауапкершілігі болғаны жөн.

Қуантарлығы ауданымызда режим бұзғандар туралы сотқа істер әзірге түскен жоқ.

- Қазір сотта емес, үйде отырып, денсаулыққа мән беріп, күтінетін заман. Яғни, соттасатын емес, достасатын уақыт. Мемлекет тарапынан азаматтарымызға барлық жағдай жасалып жатыр. Кредит десе кредиттерін төлеуді кейінге шегеріп, тегін маскалар, дәрі дәрмектер т.б. қаржылай да көмектер жеткілікті түрде берілуде. Тек қана насихат жұмыстары әлі де жеткіліксіз. Сондықтан бір бірімізді түсінісіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге болайық. Сондай-ақ  тараптардан барлық жағдайға түсініктікпен қарауды сұраймыз, - дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Гүлфара Егізбаева.

Айта кетейік, істерді қарау бойынша соттардың көшпелі отырыстары және семинар, конференциялар, жиындар, судьялар мен сот қызметкерлерінің шараларға ғимараттан тыс қатысуы тоқтатылады.

Сот ғимаратында дезинфекция және гигиена нормаларын сақтау бойынша шаралар қабылданды.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521