ban2

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ

Есбол ауылында тұратын тыл және еңбек ардагері Маржан Ізбасарова әжейдің үйінде үлкен той.

Себебі ауданымыздың бұрынғы «Правда» колхозы, кейін осы аттас кеңшарында көмекші шопан болып жұмыс жасап, мал басын өз төлі есебінен көбейтуге үлес қосқан жан бүгінде 100 жасқа толды. Еңбек еткен жылдары ауылдық деңгейдегі бірнеше марапаттарға ие болған ананың аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұриев Өтеп арнайы шаңырағында болып, құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. 1919 жылдың 16 маусымында Жайықтың Бұқар бетіндегі жетінші ауылда дүниеге келген әже ол кездегі фамилиясы Сұлтанова болғанын айтып, сыныптастары Үнзира Елеуова, Ұлжан Темірболатова, Меңдеш Тәженоваларды еске алды. Алғашқы ұстаздары Ақжігіт Ерубаев, Қаден Мұхамедияров, Жанша Уәлиева есімдерін ғасыр жасаса да естен шығармағаны таң қалдырды. Екінші дүниежүзілік соғыстың өрті қайнап тұрған 1943 жылдың аяғында соғыс және еңбек ардагері Жұмағұл Ізбасаров екеуі некеге тұрып, бір ұл, үш қыз сүйген екен. Бүгінде солардан тараған немере Рүстем мен Айдананың қызықтарын көріп отырған жайлары бар. Көзі жақсы көрмесе де көңілі ояу әже өзін құттықтағандарға ақ алғысын жаудырып, бақ-береке тілеп шығарып салды.

С.БИСЕНОВ

Есбол ауылы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner