Электронды қызмет тиімді

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлықпен күрес  мәселелеріне  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында  баса назар аударылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы Абылай Сисенов Жарсуат ауылы тұрғындарымен кездесуінде осы мәселелерді ортаға салды.

Кездесу барысында аталмыш департаменттің бас маманы Абылай Асқарұлы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытында жасалып жатқан оң істерді, электронды форматқа көшудің тиімділіктерін атап өтті. 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын талдау барысында  жер қатынастары, қала құрылысы, құжаттандыру, тұрғын үй, көші-қон салаларында өзекті  мәселелер кездеседі. Егер тұрғындар  мемлекеттік қызмет көрсету саласында  өздерінің құқықтарын жақсы білсе сыбайластық жемқорлыққа жол бермеуге мүмкіндік алар еді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматы қызмет көрсету кезінде тұрғындарды артық әуре-сарсаңнан құтқарып қана қоймай, оның ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етуге негіз болады. Сондықтан да тұрғындардың мүмкіндігінше электронды цифрлы қолтаңба алып, электронды қызметке көшу неғұрлым тиімді, - деді ол.

Кездесу барысын Жарсуат округінің әкімі Әлифолла Балахметов жүргізіп отырса, тұрғындар арасынан ардагер Жеңіс Азанов сөз алып, қоғамдық кеңес жұмысын жандандыру, салықтан түскен қаржылардың ашықтығы мен тиімді пайдалану жағын көтерді.

Жиыннан соң мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда  аудан орталығынан барған  мемлекеттік саладағы мамандар ауыл тұрғындарын толғандырған сауалдарына кеңес берді.

С.БАЗАРБАЕВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521