ban2

Денсаулық шыңдалып, әсем ән шырқалды

Өткен аптада алғаш рет оқушылар шығармашылығы орталығының білікті маманы, ауданға танымал ұстаз, аудандық V шақырылған мәслихаттың депутаты болған Төлеп Жақсылықұлы Ілиясовты еске алуға арналған жалпы және қосымша білім беретін ұйымдарының мұғалімдері арасында туризм және спорттық бағдарлаудан аудандық ашық біріншілік өтті.

Спорт жанашырының өнегелі өмірін ұлықтаған жарыстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің туристік спорттық шеберліктерін шыңдау жалпы білім беретін ұйымдардың туристік секциялары мен үйірмелерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз сөйлеп, турнирдің мәні мен маңызына тоқталып, сайыстың дәстүрге айналатынына сенім білдірсе, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Қалжан Ахметова да жүрек-жарды тілегін арнап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін сөз алған аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт сектор меңгерушісі Нұржан Бисенбаев жиналғандар алдында Т.Ілиясовтың еңбегін өз әңгімесіне арқау етсе, ал әке жолын қуған ұлы Бейбіт Ілиясов турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Міне, екі күнге созылған сайыс нәтижесі бойынша өз белсенділіктерімен әріптестерінен оқ бойы озық болған аудандық оқушылар шығармашылығы орталығының оқытушылары бірінші, ал С.Сейфуллин мен «Көктем» қазақ орта мектебінің құрамасы жүлделі екінші, үшінші орынды тең бөлісті. Ал қалған қатысушылар туристік ынталандырумен марапатталды.

Осылайша, табиғат алаңында өткен туристік шеберлік сайысы келер жылы да жалғасады деп күтілуде.

Диас АЙБАР

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner