ban2

ДЕНДЕРДЕГІ ДҮБІРЛІ ТОЙ

Қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты салада өздерінің шығармашылықтары арқылы қоғамға қызмет ететін жаңалықтың жаршысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне және сонымен тұспа-тұс келген «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің мерейлі 85 жылдығына арналған дүбірлі той Индер ауданында өтті.

Оған «Атырау-Ақпарат» Медиа-холдигіне қарасты екі облыстық және жеті аудандық басылымның қызметкерлерімен қоса ұлттық телеарна, телерадио және көптеген елге танымал төртінші билік өкілдері қатысты. Алдымен облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы мен той қонақтары мәдениет үйінің фойесіндегі аудандық басылымның естелік суреттері мен жәдігерлері топтасқан көрмені тамашалап, жоғары бағасын берді. Әрі қарай мерекелік шара көрермендер залында аудандық басылымның 85 жылдық тарихынан сыр шертетін бейнероликті тамашалаудан басталды.

f

4

Алғаш боп мереке иелері мен оқырмандарын құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев баспасөз саласында еңбегімен еленген тұлғаларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын, сонымен қатар «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тағып, «Дендер» газетінің дамуына үлес қосқан ардагерлерге қазақи шапан жапса, бас редактор Ж.Амантурлинге Құттықтау хат табыс етті. Сондай-ақ мереке иелері басқа да марапаттарға ие болып, бағалы сыйлықтар табыс етілген бұл шара әсем ән мен мың бұралған би, күмбірлеген оркестр сазымен өрілген концертке ұласты.

1

5

Түс ауа мерекелік шара аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықтағы тоғайда жалғасын тапты. Онда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, той қонақтарына арнайы дастархан жайылды. Кең далада спорттық ойындар ойнатылып, жарыстар ұйымдастырылды, әсем ән мен би де болды. Жалпы бұл күнгі дүбірлеген той көптің көңілінен шықты.

8

Ақмарал БОКИРОВА.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner