ban2

«Бұл менің ұлы мекенім»

Аудандық мәдениет үйінде сегіз қырлы, бір сырлы талантымен танылған, Қазақ, Қырғыз елдеріне еңбегі сіңген қайраткер, профессор, композитор, жазушы, публицист, суретші Илья Жақановпен кездесу кеш өтті.

Кеш мәдениет үйінің фоэсінде «Бұл менің ұлы мекенім» атты сурет көрмесінің ашылуымен басталды. Алғаш боп сөз алған аудан әкімі Мейірім Қалауи бүгінгі шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында өнерін насихаттап, үлгі ету мақсатында өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, мен таныстыра келе, қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан абзал жанға қош келдіңіз айтты.

jts

Оның сөзін Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы жалғады. Өз кезегінде кеш иесі Илья Жақанов: - Әр өңір менің туған мекенім, - деп сөз бастап, өңірдің көркейіп қалғанын, поэзиядағы, музыкадағы ерекше тұлғаларды бағалап, Бұқар, Шортанбайлармен аты қатар аталатын ұлы тұлға Мұрат пен күні кеше өмірден озған хас талант Табылдыларға ескерткіш тұрғызып, көкке көтеріп жатқан халыққа сәулетті өмір мен ұйымшылдық тіледі. Ал аудан әкімі қалың жұртшылықтың атынан қонаққа қазақи шапан жауып, құрмет көрсетті.

jtsfy

Одан әрі рухани байлыққа толы сурет көрмесінің лентасын кеш иесі мен ауданға белгілі ардагер Сағындық Құрманқұлов қиып, облыстық музейдің экскурсия жүргізушісі Лаура Сақтапбекқызы көрермендерді кейіпкердің әртүрлі тақырыпта бейнеленген пейзаждар топтамасымен таныстырды. Аудандық суретші Тілек Халиннің қылқалам туындылары да осы жерден орын теуіп, көптің қызығушылығын тудырды. Ал шығармашылық кештің екінші бөлімі «Ән болып жаралдың» деп аталып, онда сыршыл суреткердің өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шерткен бейнебаян көрсетілді.

jtsfyvs

Сондай-ақ кеште өнер иесінін әніне жазылған «Еділ мен Жайық» С.Қабдолов, А.Нысанова, «Бозқараған» Е.Әубәкіров, «Әселім» М.Жұмашев, «Халық әндерінен попури» бөденелік «Әсем Әуен» ансамблінің орындауымен әсерлі ән-жырмен жалғасын тапты.

Ауданымызға арнайылап келіп, халықпен кездесу өткізген өнер иесіне алғысын білдірген ардагер-әнші Ұлдай Аманғалиева қасиетті Дендер жеріне бір туынды арнауды өтініш етті.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner