Бруцеллез қайта шығып жатыр

Әртүрлі аурулардың алдын алу мақсатында бүгінде төрт түліктен қан алу, егу жұмыстарының жоспар бойынша алғашқы кезеңі жүруде.

Алайда аудандық «Ветеринариялық станса» КМК бөлімінің басшысы Е.Бөкеевтің айтуынша, қазірге дейін тексерістен өткен 46 мың 210 бас қойдың 66-сы бруцеллез болып шығыпты. Бұл Индербордан басқа округтердің бәрінен кездескен. Ауру малдардың етін келісі 300-500 теңге көлемінде Орал, Атырау қалаларына апарып тапсырыпты.

Сондай-ақ 10855 ірі қара, 849 түйе және 90 бас жылқыдан қан алынып, тексеру қорытындысында оларда ауру белгісі болмаған. Дегенмен алда әлі қаншама малды осы науқаннан өткізу күтілуде. Мал бағудың да машақаты жетіп-ақ тұр.                                                                          

         Ж.ИСЛАМҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521