Білімге ұмтылыс-өміршең міндет

Президент Жолдауында көтерілген 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау жөнінде және бұл кезеңде қандай маңызды жұмыстар атқарылады екен деп жүрген әрқайсымыз бүгінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өзі жастармен кездесуінде оны ашық айтып, нақты міндеттерді белгілеуі ерен оқиға болды.

 

Ең алдымен бізді, Тәуелсіздік ұрпақтарын, Елбасы жаңа дәуірде өскен, білімді де талапшыл буынға балауы, оларға еліміздің болашағы деп үлкен үмітпен қарап, сенімін артуын жоғары өрлеу жағдайында қабыл алдым. Шынында да бүгінгі ұрпақты өткен кезеңдегі замандастарымызға теңеуге, олардың мүмкіндіктерімен салыстыруға еш келмейді.

Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, Елбасы қатысқан салтанатты жиынның үстінде сөз алған жас өрендердің бастамалары мен ұсыныстарынан анық тануға болады.

Астанада өткен жиында Жайық бойындағы «Сарайшық» ШҚ төрағасы Т.Розметованың қатысып, Елбасының алдында сөз сөйлеп, Елордадан жер алып, алма бағын өсіруге рұқсат сұрауы да өжеттік емес пе?!

Ал мұндай жігерлі жастар қатарымызда өте көп екенін мақтанышпен айтуға болады. Сондықтан да жастарымыздың өскелең өмір талабына жауап беретін салаларды жіті меңгеріп, оны Қазақстанда енгізуге талаптануы өте құптарлық іс. Қазірдің өзінде қазақстандық жастарға шет елдердің өздері гранттар бөліп, жоғары оқуларына шақыруда.

Қазақстандағы ілім-білімге ұмтылыс, еріктілерді қолдау, олар оқитын жоғары оқу орындарында белсенді студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көтеру, әр аймақта бір жоғары оқу орынын білікті ғалымдармен нығайтып, оған ілестері колледждер қалыптасыруға қомақты қаржы қарау, жұмысшы жатақханаларын салу міндеттері бұрын-соңды болмаған істер.

Мұның өзі жастардың болашаққа деген сенімдерін нығайта түседі деп ойлаймын. Біз бұл қолдауларға белсенді іс-қимылдарымызбен жауап беруге міндеттіміз.

Қайырлы ҒИЛМАНОВ,

аудандық мәслихаттың депутаты,

М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521