ban2

Бесқонақ

«Әр кәлләде бір уайым» деп, өзбек әкаларамыз айтпақшы, сәуірдің екінші онкүндігінде, 17-22 аралығында келетін «бесқонаққа» халқымыз әрқашанда ерекше дайындалып, сақтанған. Бесқонақ атауының амалдан басқа тағы бір мағынасы-ескі жылдың аяғы мен жаңа жылдың аяғындағы есепке кірмейтін бес балақ күн екендігін айтады ғалымдар. Мысалы ғалым Мыңбай Ысқақов азаматтық айлардың, яғни жылдың 30 күннен 12 айға бөлінген нұсқасы, халықтардың өмір тәжірибесімен өте жақын екендігін айтады. Жыл аяғында, айлардан тыс, 5-6 күн қосылып отырған. Ол күндер «бесқонақ» аталған.

Яғни ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басына дейінгі ай есебіне кірмейтін бес күн ішінде өтетін күн райындағы қарлы, жаңбырлы амал. Наруыз айының соңғы күндері бірте-бірте жыл құстарының алғашқы топтары ұшып келе бастайды. Бұл мезгілде қар аралас жаңбыр жауып, күн райы салқындай түседі. Екі-үш күндік бұл амалды есепшілер "Құс қанаты" деп те атайды. Ал «бесқонақ» туралы аңыз да, күлкілі жайттар да аз емес. Көптің ақылын тыңдамай, бесқонақ уақытында жолға шығып кетіп, ақыры қайғылы оқиғаға ұшырағандар туралы дала аңызы бізге жетті. Жалпы бесқонақ сияқты көктемгі көптеген амалдар ретімен өтпей халқымыз жайлауға көшпеген.

Ал наурыз туар алдындағы ақша қарды да үлкен үмітпен күткен. Наурыз неғұрлым ылғалды болса, оны жақсылыққа жорып, жаз жаңбырлы болады деген. Наурыздың бір күнін «самарқанның көк тасы ериді» деп, әлбетте жақсылық күткен.

«Сәуір санды қыс, отамалы ойылған қыс (отамалы да сәуірде), үркерлі айдың бәрі қыс. Саратан, зауза сенен де қорқам»,-деп өткен екен бұрынғылар. Саратан-мамыр, зауза-маусым айларынан да көшпелі халқымыз сақтанған.

«Заузада шай қайнатым жаңбырлы уақыт желді бұршақ жауып, күн оқыс суытып, желдегі құлын қырылып, енелері ығып кетіп, ал түс ауа күн күрт жылынып, өлген малдың терісін де ала алмай қалдық» деп үлкендер айтты демесек, мамыр-саратанның басында Елтайдағы кезекке шығарылған қой суық жаңбырға ұшырап, қырылып қалғанын өзіміз де көргенбіз.

Өз тілшіміз

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner