ban2

Ауылды бақша өнімімен қамтып отыр

Ауылдың ауыл шаруашылық саласының дамуына өзінің үлесін қосып келе жатырған жандардың бірі - «Айсұлтан» шаруа қожалығының басшысы Айтқали Жұмағұлов ағамыз.

Ол 2014 жылдан бастап ауласында жабық шатыр астында бақша дақылдарын егумен айналысады. Төккен маңдай тері текке кетпей, өзінің отбасын ғана емес, ауыл халқын шыққан өнімдерімен қамтып келеді. Қазіргі уақытта бақшада қияр өз өнімін беріп жатыр, шыққан өнім халыққа да сатылып жатыр. Базармен салыстырғанда бағасы 50 -100 теңгеге төмен. Көп ұзамай қызанақ пен көк жуа өз өнімін бермек.

k

-Ерінбеген жанға пайданың бәрі жерде. Ауыл еңбек еткен жандарға өте қолайлы. Мал бағуға да, егін еуге де, қандайда бір кәсіп бастаймын десең де барлық жағдай жасалған. Тек ынта, жігер керек,-дейді диқан.

Токтан ғана аздаған мәселе барын айтқан Айтқали аға жабық шатыр астындағы егін көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Тіпті, келер жылы далалық жерге салып көрсем бе деген мақсаты бар.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбейді» демекші, жерге иілген дихан осылай ауылды еңбектің тәтті өнімімен қамтамасыз етіп, алғыс арқалап жүр.

Сабит ТӨЛЕШҰЛЫ,

Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі маманы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner