ban2

Ауылда отырып, ұшаққа билет аламыз

Индерборда  «Toleugaliev Jigerbek» ЖШС-нің франчайзинг жүйесі бойынша пошта бөлімшесі ашылды.

Бұл бөлімшені Бейбарыс көшесіндегі бұрынғы «Халық банк» орналасқан  ғимараттан таба аласыз.

 Франчайзинг - бұл лицензиялаудың дамыған түрі саналады. Мұнда бір тарап екіншісіне өз атынан тауарлық белгілері мен брендін пайдалана отырып ақылы әрекет етуге құқық береді екен. Яғни осы бөлімшеден тұрғындардың  поштаның көптеген қызмет түрлерін пайдалануына мүмкіндік барын аудандық пошта торабының басшысы Айдар Жобалов айтып өтті.

 - Франчайзингтің пошта жобасы жеке кәсіпкерлерге де тиімді, біздің де жұмысымызды жеңілдетіп отыр. Егер де ауылдық округтерден де ынта білдірген жеке кәсіпкерлер болса осындай бөлімше ашуына толық мүмкіндік бар. Әсіресе, аудан көлемінде  Құрылыс, Ынтымақ, Аққала елді мекендеріне пошта бөлімшелері қажет-ақ, - дейді А.Жобалов.

Жаңа ашылған бөлімшенің  басшысы Жігербек Төлеуғалиев айтып өткендей, бұл ғимаратта  бүгінде кәсіпкерлік палатасы, зейнетақы төлеу бөлімі және тағы басқа да мекеме-ұжымдары бар болғандықтан да  тұрғындарға өте ыңғайлы.  Әрі мұнда әуе және темір жол билеттерін де саудалауына мүмкіндік бар. Баспасөзге де жазылуыңызға болады. Бөлімшенің операторлық қызметін Айгүл Бадрадинова атқарады.

 Қорыта айтқанда, ауданда тұңғыш рет ашылып отырған  кәсіпкерліктің жаңа түріне сәттілік тілейміз!

 

С.БАЗАРБАЕВ.

Сурет автордікі.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner