ban2

АУДАННЫҢ БАС ҰСТАЗЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Ділмұқашева Орынша Матайқызы тағайындалды.

Орынша Матайқызы - 1972 жылы 27 тамызда Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары.

1994 жылы Атырау педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Индер аудандық білім беру бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Кейін 2003-2008 ж.ж. «Көктем» қазақ орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008 жылдың қарашасынан бастап күні бүгінге дейін осы мектепте директор қызметін атқарды.

4

Аудан активінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауданның білім беру саласын жоғары жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірсе, аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, «Ақпараттық талдау» орталығының аудандағы маманы Қымбат Кәрім өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, ауданның бас ұстазының қызметіне сәттілік тіледі.

Сонымен бірге Д.Шамұратов жаңа басшысыны әріптестерімен таныстырып, жұмыстарына табыс тіледі.

«Дендер»-Ақпарат.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner