ban2

Ауданда ағартушы Әйіп қажы Бекенұлының 180 жылдығы тойланды

«Сайын даланың санатты ұлы» тақырыбымен ұйымдастырылған өңірге танымал дін және білім қайраткері, ағартушы Әйіп қажы Бекенұлының 180 жылдығына арналған конференция жаңа мәдениет үйінде өтті.

Конференция жұмысы атаның Өрлік округі жеріндегі зиратына дұға оқып, Көкмешітте болып, бас июмен басталып, аудандық өлкетану мұражайы (директоры Надежда Айдарханова) ұйымдастырған құжаттар мен кітаптар көрмесін тамашалаумен жалғасты.

Қажы шәкірттері Қ.Абақанов атындағы Өрліктегі орта мектебіндегі драма үйірмесінің (жетекшісі Ә.Жәрдемова) мүшелері «Жапан даланың жарық жұлдызы» қойылымын шығарса, елтайлық М.Сиранов атындағы оқу орны өкілдері аталарына ыстық ықыластарға толы өлең шумақтарын арнады. Оларға аудан әкімі Серік Арыстан қош келдіңіздер айтып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақалаларымен үндесетін игі шаралар легіне қосылатын бүгінгі ғылыми-танымдық конференцияның мақсатын баяндады.

Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары, ғалымдар Шахман Нағымұлының «Әйіп қажы Бекенұлының ағартушылық қызметі», Аққали Ахметтің «Қажылыққа барған бөкейліктер», Өмірбек Бекежанның «Діни ағартушылардың қазақ мәдениеті мен біліміндегі рөлі», Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданынан келген өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиевтің «Әйіп бабамыздың жаңғыруы» атты баяндама жасады. Сөйтіп, сайын даланың санатты ұлының елін тәрбиеге бастаған салиқалы жұмысының әлі де нүктесі қойылмағаны анық таныла түсті.

С.ХАЛЫҚОВ

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner