ban2

Аудан жастары арасында интеллектуалды байқау өтті

Индер аудандық ауыл шаруашылығы колледжінде әр саладағы жас мамандар арасында «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында «Брэйн Ринг» интеллектуалды байқау өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің ( жетекші Қ.Гилманов) ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен шараға 12 команда қатысты.

toptar

Екі турдан тұратын сайыста «Махамбет жастары», «ЖАСStar», «Бөдене», «Жас қыран», «Бірлік», «Есбол», «Өрлеу», «SHABYT», «АБК жастары», «Айналайын», «Райхан», «Колледжі жастары» командалары топқа түсті. Соның ішінен бірінші турдағы логикалық 20 сұрақ бойынша білімділігімен дараланған «Өрлеу»-12, «Бірлік» - 10, «Колледжі жастары» - 9, «Бөдене» - 8 балмен екінші айналымға жолдама алды.

maz

Шапшаңдықты, білімділікті, шебер логиканы талап етіп, бап пен бақ қатар шабатын бұл екінші айналымда сәл қателік бірінің бағын тайдырса, ұтқыр жауап бірінің дәрежесін асырып жатты. Өкінішке орай, финалда жастардың логикалық ойлау қабілеттері жақсы болғанымен, сыбайлас жемқорлық заңнамасын толық игермегендері де көрініп қалып жатты.

kyzyk-sat

final-2

Сондай-ақ, сайыс нәтижесінде шаңырақ иелері, яғни аудандық ауыл шаруашылық колледжі ұжымынан құралған «Колледжі жастары» бас бәйгені қанжығаларына байласа, бөденелік «Бөдене» екінші, бірінші айналымда ешкімге тұсау салдырмаған Өрліктен келген «Өрлеу» командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Ал бастапқыда жоғары ұпай жинап, әрі көтеріңкі көңіл күймен көрермендерді баурап, соңғы финалда да қалыс қалмаған елтайлық қыздардан құралған «Бірлік» командасы төртінші орынға тұрақтады.

- Біз әріптесім Әнуар екеуіміз ұйымдастырушылардың шақыртуымен келіп отырмыз. Бұл біздің бірлескен жобамыз. Әрине, сайыс жастардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Аудан жастарының белсенді екені көрініп тұр. Қаншама ойын ұйымдастырып жүрсек те, мынадай 12 команда шыққанын бірінші рет кездестіруім. Сайыста нақты әрі толымды жауап берген командалар еңбегі бағаланды, - дейді Атырау облыстық жастар клубының жетекшісі, интеллектуалды сайысты жүргізуші Нұрлан Азаматов.

marapat

Байқауды қорытындылаған колледжі басшысы Бағытжан Құнас пен ішкі саясат бөлімі басшысы Артур Мурзин жастарды жеңістерімен құттықтап, қатысушыларға сый-сияпат табыс етті.

Ақмарал БОКИРОВА

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner