АУДАН ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, саладағы түйіткілді мәселелер жөнінде ой қозғап, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.

«Ашық диалог: Билік және бизнес» тақырыбында еркін сұхбат түрінде өткен кездесуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалының директоры А.Идрисовпен бірге облыстағы кәсіпкерлікті қолдау, несие ұйымдарының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, басқарма басшылары қатысты.

- Индер ауданының потенциалы өте жоғары. Біз ауданның экономикасын дамытуда негізінен өндіріс, туризм, ауылшаруашылығы және көлік логистика саласы бойынша 4 бағытты айқындадық. Аталған бағыттарды дамыту - кәсіпкерлердің де ісін өрге бастыруға үлкен мүмкіндік береді, - деді аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы.

dsc_1610

Аталмыш филиалдың директоры А.Идрисов пен сала мамандары кәсіпкерлікті дамытуға және жеңілдікпен несие беруге тоқталды. Кәсіпкерлер арасынан К.Сабырғалиев, И.Қанатов, Ә.Қарашина, Е.Меңдешов, Ж.Дауталиев, тағы басқалары толғандырған сауалдарын қойып, толымды жауаптарын алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521