Ауа райына байланысты кейбір жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе-Атырау, Атырау-Астрахан жолдары уақытша жабылды.

«Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді, — депті «ҚазАвтоЖол». Айта кетейік, бүгін еліміздің 9 облысында жол жабық. Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс жасауда.

depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521