ban2

АТЫРАУЛЫҚ КАРАТЭШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

25-27 қазан күндері Чили елінің Сантьяго қаласында каратэден кадеттер мен жастар арасындағы XI Әлем чемпионаты өтті.

Олимпиадалық спорт түріне енген каратэ додасына әлемнің 96 мемлекетінен 1557 спортшы қатысуда. Атыраулық спортшы, жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы Әбілмансұр Батырғали 67 келі салмақта сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түсті. Бұл салмақта 60 ел өкілдері өзара мықтыны анықтады. «Әбілмансұр іріктеу кезеңдерінде Шотландия, Аустралия, Бразилиядан келген қарсыластарын жеңді.

sambo

Жартылай финалда марокколық спортшыны 7:1 есебімен оңай ұтты. Ал ақтық сында Түркия елінің спортшысын 2:1 есебімен ұтып, әлем чемпионы атағына ие болды», - делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарламасында. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері атыраулық спортшылардың Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы алтын медалі.

Материал: atpress.kz сайтынан алынды

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner