ban2

Асықсаң да, абайла!

Елімізде жылдан-жылға әр түрлі көліктер де жаяу адамдар мен  жолаушылар саны да көбейіп келеді.

Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп, жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Назар аударатын жайт-жан-жағына қарамай, кенеттен көлік жүретін жаққа жүгіріп шыққан жағдайда да үлкендер айыпты болып табылады. Жол-көлік оқиғасына түспеу үшін көліктің қай уақытта қауіпті болатынын білуің керек. Жүргізуші бірден тежегішке басса да, машина бірден тоқтай алмайды. Ол тағы бірнеше метр бойы жол бойымен жылжиды.Бұл қозғалыс сенің артқа қадам басуыңнан да жылдам екендігі анық. Ең жақсысы-жүргізуші мен жүргіншінің бірін-бірі алыстан көруі. Сонда ол уақытында тоқтап, сенде соған сай тосып тұра аласың. Жол қауіпсіздігінің басты ережесі- қауіпті алдын ала байқау. Сонымен бірге балаларға жолдың қасында ойнауға болмайтынын (жол бойында жазда велосипед тебу, қыста шанамен сырғанау) ұғындырған жөн.

Қасіреттің алдын алу үшін жолдан өтерде тоқтап, жан-жағыңа мұқият қарап ал. Қаладағы кейбір бағдаршамдарда қанша уақыт ішінде жолдан өтіп үлгеру керектігін көрсетеді. Егер жасыл фарда аз уақыт көрсетілсе, жолдан өтпей, келесі жануын күт. Жол бойында ойнама. Жолдан ересек адамның қолынан ұстап өт. Жаяужүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт. Жүріп бара жатқан көліктің алдынан жолды кесіп өтпе. Асығып бара жатсаң да, жолдан өтуге асықпа. Жолдан өтерде ешқашан жүгірме.

  Кез-келген жағдайда бұл–қасірет болып табылады. Аталған жағдайлады болдырмау үшін, әрбір жүргіншінің, велосипедшінің, ролик тебушінің жолдағы қарапайым ережелері мен мәдениет тәртібін сақтауы керек. Есіңде болсын! Жол ережесін сақтасаң, сен өз өміріңді сақтайсың және жолда апат болуына жол бермейсің.

Айымгүл ЖӘРДЕМ,

салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ембикесі.

 

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner