Әскерге бару кейінге шегеріліп отыр

Елімізде тәжі вирусының таралуына байланысты көктемгі әскерге шақыру мен әскери міндеттіліктен босату жүзеге асырылмайтын болды.

Еліміздің жарияланған төтенше жағдайға байланысты қорғаныс министрлігінің нұсқауына сәйкес 2019 жылдың көктемінде әскерге шақыртылған азаматтар әзірге өз үйлеріне оралған жоқ.

Индер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ержан Кабаковтың айтуынша аудан бойынша өткен жылы 40 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілген болатын.

Ал биылғы жылы 48 азамат осы міндетті орындау тиіс екен. Алайда елдегі жағдайға байланысты әскери міндеттілік кейінге шегеріліп отырған көрінеді.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521