ban2

Арыстағы ағайынға индерліктер де қол ұшын созбақ

Дүйім елді дүр сілкінткен Арыстағы төтенше жағдай бірлігімізді сынап, беріктігімізді бекіте түсуге де қызмет етіп, ықпалын тигізгендей әсер сыйлағандай болып отыр, ағайын.

Оны осы төтенше оқиғаның басы-қасында болып, тиісті әкімдіктер мен қызметтерге тапсырмалар беріп, жапа шеккендерге көңіл айтып, халықты сабырға шақырған Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алынған шараларға қолдау көрсету жұмыстары Қазақстанда кең көлемде жүргізлуде. « Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» демекші, бұл игі іске «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық ұйымы да белсене үн қосып, арнайы ашылған шотқа бір күндік еңбекақыларын аударуды ұйғарды. Сонымен бірге бұл іске барлық партияластары мен жақтастарын, қолдаушыларды шақырып, Арысқа керек-жарақтардың тізімін шығарып, жария етіп отыр. Өз басым Жарсуат округінде сайлаушылармен және кәсіпкерлер, қожалық басшыларымен кездескенде де осы жайларды сөз етіп, алынып жатқан шараларды таныстырдым. «Көп түкірсе - көл» дегендей, қиындықта қалғандарға көмек қолын созу баршамыздың парызымыз екендігіне тоқталдым. Жалпы мұндай істе біраз жинақталған тәжірибеміздің де барлығын жасыруға болмайды. Апат қашан айтып келген, сондықтан да бастан кешкен қиындықтарымен Арыс тұрғындары жеке қалмасы үшін баршаңызды оларды қолдау, қамқорлау ісіне белсене қатысуға шақырамын.

Өтепберген ОРАЗҒАЛИЕВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары,

аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner