ban2

Арайлым «Әлем аруы» атанды

Индерлік Арайлым Ишахат Мексиканың Канкун қаласында өткен «Miss Virtual World-2019» халықаралық байқауында жер-жерден іріктелген 20 сұлуды артта қалдырып, Мисс атанды.

Қазақстан атын әлемге паш еткен ару өкінішке орай, виза мәселесіне байланысты марапаттау рәсіміне бара алмаған. Ол өзінің жүлдесін skype желісі арқылы білген.

Арайлымның әпкесі Мөлдір Әділқызының айтуынша, Мексикаға бару сіңлісіне оңайға түспеген. Мәселен, Москвадан Токиоға барғанымен, ол жерде де кедергілер болып Мексикаға жете алмапты. Бойжеткенге 36612 қолдаушы табылып, өзінен кейінгі қарсыласынан 2000-ға жуық артық дауыс жинаған. Ресейлік тұрғындар да «Қазақтың қызы сұлу екен» деп дауыс берген көрінеді.

Сондай-ақ байқауда екінші орын Ресей, үшінші орын коллумбиялық аруға бұйырыпты.

- «Виртуалды әлем аруы» атағына ие болғаныма өте қуаныштымын. Бірақ сонымен бірге, марапаттау рәсіміне қатыса алмағаныма және менің Отанымызды, Қазақстанды лайықты түрде таныта алмағаныма өкінемін. Осы жолда бірнеше қуаныш пен кедергілер басымнан өтті. Тіпті шетелден елге орала алмай қаламын ба деген қорқыныш та болды. Төгілген көз жасымның өтеуіндей боп міне сіздердің арқаларыңызда жетістікке жетіп отырмын. Барша маған жанкүйер болғандарға және осындай керемет байқау өткізіп отырған ұйымдастырушыларға ризамын, үлкен алғыс айтамын, - дейді ару.

Әлем аруы атанып, тәж иеленген Арайлымға "Porsche" автөкөлігінің кілті сыйға тартылды.

Айта кетейік, 21 жасар Арайлым Ишахаттың «Қазақстанның Виртуальды аруы» атанғанын да алғаш қазан айында жерлестерінен сүйінші сұрап жазған болатынбыз.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner