Аққалада ойын алаңы ашылды

Соңғы жылдары Аққала ауылында жүрекке жылулық сыйлар игі істер көптеп атқарылып жатқаны шындық. Мемлекетіміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында шағын ауылымыз тағы да бір жаңа нысанмен толықты.

М.А.Титов басқаратын «Экотехникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен көңілдің гүлі, көздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлап, олардың бос уақытын қызықты өткізуіне жағдай жасау мақсатында балалар ойын алаңы ашылды.

alys

Балалар алаңының ашылу салтанатында округ әкімі Е.Дүйшім ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, демеуші мекемеге алғысын білдіре отырып маманы Абдолла Нәсімұлына Алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстаса, өз кезегінде ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Раушанов, Аққала ауылдық мәдениет үйінің директоры К.Ізімов өздерінің жүрекжарды тілектерін жолдады.

ojyn

Гүлнафис ЕСҚАЛИЕВА,

Индер ауданы

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521