ban2

«АМАНАТ» АРҚАЛАҒАН АМАНАТ

Елімізде 9 маусымда белгіленген кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне байланысты «Аманат» азаматтық алаңы құрылды.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты - сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізіп, ашық әрі әділ өтуіне бақылау жасау. Өткен аптада қоғам белсенділерінен таңдап алынған мобильді капитандар аудандық орталық кітапханада тәуелсіз бақылаушыларымен жүздесіп, семинар-тренинг өткізді.

Әуелі облыстан келген «Жүректен-жүрекке» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, мобильды капитан Гүлбарам Ермұханованың айтуынша, сайлау кезінде бақылаушылар дауыс беру процесін жүзеге асыратын сайлау комиссияларының әдейі, не болмаса білмей жіберген қателіктеріне дер кезінде тосқауыл қойып, азаматтардың саяси өмірге қатысу құқығының сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мобильді капитан сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың бес негізгі бағытына тоқталып, бақылаушыларға «Бақылаушы блокнотын» таратып берді.

s

Айта кетсек, бес бағыт бұл біріншісі – сайлауды өткізуге дайындық, екіншісі – сайлаушылардың өз құқықтары жайлы хабардар болуы, үшіншісі – адалдық, төртіншісі – ашықтық, бесіншісі – ынтымақтастық. Бұл бағыттар қоғамдық мониторинг жүргізу, сайлау мерзімі мен кезеңі, заңдық процестер туралы сайлаушыларға түсіндіру, саяси науқан туралы барынша ашық ақпарат тарату, әлеуметтік желіде әрбір сайлау бөлімшесі бойынша тәуелсіз бақылау жүргізіліп, оның барысы жарияланып тұру, қоғам мен мемлекет арасындағы тең ынтымақтастықты құру сынды талаптарға негізделген.

Тренинг кезінде «Дендер-Жастар», «Тағылым-Индер» қоғамдық бірлестігінің жетекшілері мобильды капитан Қайырлы Ғилманов пен Бексұлтан Тұржанов сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың негізгі құқықтары, жүктелген міндеттері, заңсыздықтар мен келеңсіздіктерге жол бермеудің алдын алу шараларын түсіндірді. Сонымен қатар тренинг жүргізушілері: «Қазіргі таңда бұл «Аманаттың» негізгі жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан бойынша 18 сайлау учаскесі бар. Осы уческелерге өзіміздің бақылаушы мамандарымызды әзірледік. Сайлау күні әділ әрі заң талаптарына сәйкес өтуін бақылайтын боламыз», - дейді. Семинар-тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Жалпы «Аманат» азаматтық платформасына сайлауда кімнің жетістікке жеткені маңызды емес, тек сайлаудың әділ өткенін қалайды.

Д.ҚАБИ

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner