Алғыс айту – адамдықтың белгісі

Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту – адамдықтың белгісі» атты салтанатты шара өтті.

Еліміздегі тыныштық пен үндестікті, өзара сенім мен құрметті шыңдай түскен бұл күнмен жиналғандарды аудан әкімі Мейірім Қалауи құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты кешті ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың 2018 жылғы қорытындысы бойынша «Үздік ауыл жаттықтырушысы» номинациясымен Аққала ауылдық еркін күрес үйірмесінің жаттықтырушысы Нәсіпқали Қаукен, ал аудан әкімінің Алғыс хатымен Тасқали Темірболатов, Татьяна Линк, Нәжмеден Исламғалиев, Гүлбаршын Есқалиева, Нұржамал Қадырғалиева, Нұрбек Қадірімбетов марапатталды. Кеш аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасты.

Толығырақ газетіміздің 7 наурыздағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521