Парадзюдошылар жарады

Қызылорда қаласында өткен ірі халықаралық турнирде Қазақстан командаларының құрамындағы индерлік парадзюдошылар табысты өнер көрсетті.

Атап айтсақ, Азия жүлдегері, мақтанышымыз Темірболат Тәшекенов 81 келі салмақта алғашқы екі қарсыласын еркін ұтып, ақтық бәсекеде атыраулық жерлесі Теміржан Дәулетке жол берді. Жерлесіміздің еншісінде күміс жүлде. Ал 100 келіде Ерлан Өтепов қола жүлде үшін белдесуде Араб әмірлігінің палуанынан айласын асырып, жеңіспен оралды.

Сонымен қатар аға бапкер ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан парадзюдомен шұғылданамын деген жандарды жаттықтыруға қабылдауға даяр екенін жеткізді.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521