Майданның жеңісі

Белбеу күресі – ежелден түркі халықтарына ортақ күрес саналады. Әсіресе, аталған күрес түрін Қазан татарлары қарқынды дамытып отыр.

Жақында осы Татарстан елінің астанасы Қазан қаласында өткен жігіттер арасында бүкілресейлік турнир аяқталды. Додаға ресейліктермен қатар көршілес қырғыздар мен өзбектер, қазақтардан Атырау облысының құрамасы бақ сынап қайтты. Осы турнирде облыс құрамасында белдескен жерлесіміз Майдан Батанов 75 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.

- Белбеу күресін татарлар ғана емес, Ресейдің басты қалаларының палуандары өте жақсы меңгергенін кілем үстінде дәлелдеп жатты. Менің де дзюдо және қазақ күресімен қатар осы белбеу күресінен де республикалық жарыстардан жүлдеге ілініп жүрген тәжірибем болғандықтан оңтайыма келетін, - дейді жерлесіміз Майдан Батановты сөзге тартқанымызда. Айта кетейік жерлесіміз Атырау қаласында «Болашақ» көп салалы колледжінің тамамдаған, қазір Оралда Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт факультетінің студенті. Аудандық балалар спорт мектебінде дзюдо бөлімінің бапкері қызметін атқара бастағанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Осылайша жерлесіміз көрші елдегі жарыста жарқын жеңісімен қуантып, шәкірттеріне үлгі болуда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521