Бөденелік балуан жолдама ұтып алды

Көршілес Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданы Жаңақала кентінде І және ІІ Даңқ орденінің иегері, генерал–лейтенант Сапаров Оқас Базарғалиұлының 60 жас мерейтойына арналған республикалық ашық турнирге Ресейдің бірқатар қалалары мен Кавказ республикаларынан еркін күрес шеберлері қатысты.

Аудан намысын 7 палуан қорғап, соның 6-уы жүлделі орын жеңіп алды. Бас жүлдені Бірлік Алмасұлы (Бөдене) ұтып алып, Көкшетауға демалыс лагеріне жолдама алса, күміс жүлдені Нұрберген Амандықұлы (Есбол), Асылбек Расул, Ораз Әбілмансур (екеуі де Индербор) жеңіп алса, қола жүлдені Болат Дәурен (Индербор) мен Өрбісін Жанарыс (Бөдене) қанжығаларына байлады.

С.БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521