Халыққа сапалы қызмет қажет

Атырау қаласындағы басқармалар мен сала басшылары арасында жиын өтіп, онда облыс әкімі жауапты тұлғаларды сынның астына алды.

Алдымен облыс басшысы Н.Ноғаев: - «Азаматтар телеграмм желісі арқылы шағым түсіріп, дұрыс қызмет жасалмағандықтан теледидар, тоңазатқыш, тұрмыстық техникам жанып кетіп жатыр», - дейді. Олардың барлығы несиеге алынған дүниелер. Бұған кім кінәлі? Әрине, біз. Дұрыс жұмыс ұйымдастыра алмай отырғанымыздың кесірінен олар сондай моральдық, материалдық зардап шегіп отыр. Мысалы, тұрғындардың шағымы «Ақша жинауға келгенде бәрін кесіп тастайсыздар, есікті қағып мазалайсыздар «жандарал» сияқты, енді неге бізге дұрыс су бермейсіздер. Міне, дұрыс қызмет ала алмай отырмын», - дейді.

Тұрғындарға әр мекеме дұрыс қызмет атқару керек, ол қай жерде болмасын айырмашылық жоқ, олар газ, ыстық су, салқын су, электр жарығымен қамтамасыз етілуі қажет. Біз сапалы қызмет көрсетуіміз керек, соны талап етемін. Барлық жағдай бар, қазіргі жаздың кезінде судың қысымы аз, жарық жоқ деген мәселелерді жоқ қылу керек, барлық күштерді жұмсап соны реттеу керек, - деп сала басшыларына тапсырма беріп, оның орындалысын қадағалауды орынбасары Н.Таубаевқа тапсырды.

Мұндай телеграмм желісі біздің аудан әкімдігінде де бар. Онда тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдап отырады. Сол арқылы атқарушы билік олқылықтардың орнын толтырып, халыққа қызметтің қалтқысыз болуын қадағалауда.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521