Бейқамдықтан арыл, ұрпағыңды ойла!

Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдесі мен оның игі мақсаты бүгінде әлем ақпарат құралдарының басты тақырыптарының біріне айналды.

Шынтуайтында, өлім мен өмір арпалысқан Таяу Шығыстағы өрт шалған Сириядан сыртқары жатқан бейбіт Қазақстанның 800-дей азаматы (оның басым бөлігі балаларымен) террористер қатарына қосылуы жан шошытарлық жайт.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, бұл соғыста 400-500 мыңнан астам адам қаза тауып, 5 млн. халық елді тастап, ал 7,6 млн. тұрғын ел ішінде баспаналап, босуға мәжбүр болса, оның ішіне қазақстандықтар қайтіп барып жүр?! Бүкіл қазақстандықтарды, мұндағы тиісті орындарды қатты алаңдатып отырған да осы мәселе.

Сондықтан да осы тозақтың ортасына айналған Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 баланың (оның көпшілігі 1-5 жастағылар) елімізге қайтарылуы бей-жай отырып, селқос қабылдай салатын күнделікті хабардың бірі емес, ағайын. Бұл мәлімдеме "бейғамдықтан арыл, ұрпағыңды сақта, қазақ" деп отыр баршамызға.

Соны әр шаңырақ үлкен алаңдаушылықпен, сергектікпен қабылдап, болашағы, ұрпағының тәрбиесін жастайынан жіті қадағалап, бақылауда ұстаса, өкінбейтіні анық. Бұл игі қадам бізге соны ұқтырады.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521