Мадина Cәдуақасова аудан сахнасында өнер көрсетті

Өткен апта аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет орденінің» иегері Мадина Сәдуақасованың «Сайра әнім» атты ән кеші өтіп, ол алдымен тал отырғызудан басталды.

Шығармашылық концерттің шымылдығы «Жүрегіме бағынбаймын» әнімен ашылды. Одан кейін танымал әншінің «Жүрек теңіз», «Кездесу мен қоштасу», «Куә бол», «Бала махаббат» әндерін жанды дауыста нақышына келтіре орындап көрерменнің ықыласына бөленді.

Сазды әуені мен жылы лебізін сыйға тарта отырып, отбасылық өміріне әдемілеп, әсерлеп, әзілдеп шолу жасады. Иә, ән құшағына малынған халықтан шынайы қошемет пен тамаша көңіл-күйді байқадық. Ал елінің еркелеген ерке қызы әсем әндерін наздана шырқаса, бүлдіршіндер әншіні айнала билеп, ерекше сезімге бөленді.

Сондай-ақ, өңіріміздің әншісі Мұратбек Жұмашев «Бақ мекен», «Кетпе», «Жеткізбейді уақыт», «Аяла сен мені» әндерін сахна төрінде тебірене орындады. Шара соңында, өнер жұлдызына аудан әкімінің алғыс хаты мен гүл шоқтары табыс етілді.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521