Жылдың үздік мұғалімі анықталды

Таяуда шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ғылыми-әдістемелік мәдениеті қалыптасқан, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, озық идеялы, жаңашыл педагогтарды анықтау мақсатында аудандық «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ-2019» байқауы өтті.

Алдымен байқау қатынасушылары сыныптарда жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақтар беру арқылы, өздерінің портфолиясын таныстырып әдістемелік қоржындарындағы шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Жалпы байқау қатысушылары білімді, білікті, заңнан хабардар, психологиялық ситуациядан шыға білуі қажет. Себебі байқау ережесіне сәйкес 4 бөлімде мұғалімдер педагогикалық-психологиялық, заңнамалық сұрақтарға жауап берді.

Сонымен байқау қорытындысымен «Көктем» қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдрахманова Эльмира «Бас жүлдені» иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алды. Ал Уәлиева Гүлжанар (Қ.Абаханов о/м) І орын, Рахметова Шолпан (М.Әуезов о/м) ІІ орын, Байғуатова Айзада (М.Мөңкеұлы о/м) және Тұрсынбаева Сәуле (Бөдене о/м) ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша Шаймарданова Ардақ (Ш.Уәлиханов о/м) марапатталса, «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша Азербаев Манас (Махамбет о/м) марапатталды.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521