Нұргүл топ ішінен дараланып, озып шықты

Биыл – Жастар жылы. Осыған орай «Көктем» қазақ орта мектебінде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас мұғалімдердің байқауы өтті.

 

Байқау ережесі бойынша мұғалімдер оқушыларға сабақ өткізіп, шығармашылық жұмысының бастамасымен таныстырып, мамандығына деген көзқарастарын ұсынуы қажет. Сондай-ақ олардың арнайы курстардан оқып үйренгенін өз тәжірибесінде көрсетуі және жаңа идеяларды ұсынуыда байқау барысында көрініс тапты.

Сонымен жас педагогтардың кəсіби маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсету, шығармашылық белсенділіктерін арттыpу мақсатындағы аудандық байқауға 11 үміткер қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Нәтижесінде Нұргүл Мәдениетова (Махамбет о/м) бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал байқаудың екінші орыны Диана Сайлаукеноваға (Ш.Уәлиханов о/м), үшінші орыны Майра Пазылова (Аққала о/м) мен Оралсын Каукеноваға (М.Мөңкеұлы о/м) бұйырды.

Айта кетейік, байқау жеңімпазы Нұргүл Ақанқызы Индербор кентінің тұрғыны, «Көктем» қазақ орта мектебінің түлегі. Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМ университетін биология пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген соң, алғашқы еңбек жолын, 2017 жылдың тамыз айында Махамбет атындағы орта мектебінен бастады. Міне, еңбекке араласқанына көп жылға жуық уақыт болмасада Нұргүлдің шәкірттері Шұғыла Жаңбырбаева мен Қарақат Кенжебайқызы аудандық олимпиададан жүлделі орын алып, мұғалім мерейін көтерсе, өзі де облыстық «Тілдарын-2018» байқауында алғыс хатты еншіледі.

Енді облыс төрінде ауданның намысын қорғайтын жас мұғалімге сәттілік тілейміз.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521